Нұсқаушылар

«Ақ Бұлақ» тау шаңғысы мектебі
Сіз шаңғымен немесе сноубордбен оңай және сәнді сырғанап үйренуді немесе өз шеберлігіңізді ұштауды армандайсыз ба? «Ақ бұлақ» тау шаңғысы мектебіне қош келдіңіз!
Біздің нұсқаушылар – жоғарғы деңгейдегі мамандар, сырғанау және үйрету тәжірибесі мол шеберлер, өз ісінің майталмандары, тау шаңғысы спорты мен сноубордингтің адепттері.
4-тен 60 жасқа дейінгі, жаңадан бастаған және дайындықтың кез келген деңгейіндегі әуесқойлар үшін біздің есігіміз әрқашан ашық.

Сіздің бір шешіміңіз, бізге жасаған бір қоңырауыңыз арқылы сіз естен кетпес оқиғаны бастан кешіресіз, өміріңізді қуат пен күшке толтырасыз, өз денсаулығыңызды нығайтасыз және пікірлес адамдармен танысасыз!

Өмірдің жаңа белестерін ашуды ертеңге қалдырмаңыз – тап қазір қоңырау шалыңыз!
8 (727) 327-48-73, 8701-788-40-34, 8777-177-92-13
Мектеп жөнінде толығырақ Сіз нұсқаушылар қауымдастығының сайтынан біле аласыз – www.aski.kz

instructors